Әкім қоқыс пакеттерінде қалған чектер арқылы тазалық сақтамағандарды анықтауды ұйғарды

Әкім қоқыс пакеттерінде қалған чектер арқылы тазалық сақтамағандарды анықтауды ұйғарды ktk.kz

Ақмола облысы Целиноград ауданының Қажымұқан ауылында әкім қоқысты бей-берекет тастайтындарға қарсы күрес жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Ақмола облысы Целиноград ауданының Қажымұқан ауылында әкім қоқысты бей-берекет тастайтындарға қарсы күрес жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Тәртіп бұзушыларды анықтау көбіне оңай болып шығады. Мәселен, пакеттерде қалған чектен табуға болады.

Чектерді және басқа да жанама айғақтарды іздеу әдісі нәтижелі болды. Жеке тұлғаны анықтауға полицейлер де көмектескен. Осылайша, бос жатқан жерлерге және өзгенің қоршауларының түбіне қоқыс тастаған үш тұрғын ұсталды. Олармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Жарнама
Жарнама

Өсіп бара жатқан стихиялық қоқыс үйінділеріне наразы болған үлгілі жергілікті тұрғындар әкімнің бұл бастамасын қолдап отыр.

"Біздің басты мақсатымыз - жазалау емес. Ауыл тұрғындарының тазалық мәдениетін қалыптастырып, оны арттырғымыз келеді. Бұл жұмысты алдағы уақытта да жалғастыра береміз", - деді Қажымұқан ауылының әкімі Алпамыс Әбенов.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама