21 қаңтар 2022 15:00

Әкімдер де маған газ мәселесін айтып жүгінеді, ал ол жоқ - Тоқаев

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі нарыққа газ жеткізу мәселесі басымдыққа ие болуы керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі нарыққа газ жеткізу мәселесі басымдыққа ие болуы керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, үкімет мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, телекоммуникация нарығы, фармацевтика және басқа да салаларда тәртіп орнатуы керек.

"Жаңа өндірістерді ынталандыру үшін табиғи газбен жабдықтау да ерекше маңызға ие. "Самұрық-Қазынаны", оның газ бөлімшелерін реформалау шеңберінде ішкі нарыққа газ жеткізуге басымдық беру керек. Енді кәсіпкерлер ғана емес, өңір әкімдері үкіметке, тіпті маған да индустриялық жобаларды іске асыру үшін газ бөлу мәселесін айтып жүгінеді, ал ол жоқ. Отандық өндірістерді іске қосу үшін пайдаланудың орнына газды экспортқа шығаруға жол берілмейді", - деді Тоқаев кездесуде.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram