ПОДЕЛИТЬСЯ
07 сәуір 2021 | 12:23
Әкімдер сайлауы: заң жобасы Мәжіліске өткізілді
Мәжіліс Қазақстанда ауыл әкімдерін сайлауды өткізуді көздейтін сайлау мәселесі бойынша заң жобасын жұмысқа алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәжіліс Қазақстанда ауыл әкімдерін сайлауды өткізуді көздейтін сайлау мәселесі бойынша заң жобасын жұмысқа алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Депутат Қанат Мусин Мәжіліс отырысында заң жобасында жергілікті әкімдерді сайлауға саяси партиялардан үміткер ұсыну, сондай-ақ Мәжіліс сайлауы кезінде саяси партиялардың өту шегін 7-ден 5 пайызға дейін төмендету мәселесі қарастырылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, барлық деңгейдегі сайлау бюллетеніне "бәріне қарсы" бағанын енгізу көзделгенін айтты.
Оның айтуынша, заң жобасында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ тұрғындарына әкім сайлауына өзін-өзі ұсыну мүмкіндігі көзделген. Ол үшін үміткер тиісті қол жинауы керек.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңда көрсетілген сайлауды тағайындау, жергілікті әкімдерге қойылатын талаптар, үміткерді ұсыну тәртібі, өзін-өзі ұсынушыларды қолдау үшін қол жинау тәртібі; үміткерлерді тіркеу, сайлау кезінде дауыстарды санау, сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау тәртібі, сондай-ақ сайлау өткізілгеннен кейін сайланған әкімді тіркеу тәртібі бойынша бірқатар түзетулер көзделеді.
"Комитет заң жобасын қарауға және қорытынды жасауға дайын. Заң жобасын жұмысқа қабылдауды ұсынамыз", - деді Қанат Мусин.
Бұған дейін ел Президенті әкімдер сайлауы 2024 жылы өткізілуі тиіс деп мәлімдеген болатын.
2021 жылғы парламенттік сайлаудан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліске партиялардың өту шегін 7-ден 5 пайызға дейін төмендетуді, сондай-ақ барлық деңгейдегі сайлау бюллетеніне "бәріне қарсы" бағанын енгізуді ұсынды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также