Әкімдердің рейтингі жол сапасы арқылы анықталады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Әкімдердің рейтингі жол сапасы арқылы анықталады Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандағы әкімдердің рейтингі жол сапасы арқылы анықталады. Бұл туралы Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр орындалған жұмыстардың сапасын бақылауды арттыру мақсатында "Көлік туралы" заң жобасы аясында кепілдік мерзімінде мердігерлермен тең дәрежеде авторлық және техникалық қадағалаудың бірлескен жауапкершілігі енгізілгенін атап өтті. 

"Сонымен қатар, жол сапасын қамтамасыз ету үшін мыңнан аса нормативтік-құқықтық акт қайта қаралып жатыр. Өңірдегі жолдардың сапасы бойынша әкімдердің рейтингін анықтаудың әдістемесі әзірленді", - деді министр.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама