ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 16 наурыз 2022 11:39
Әкімдерге партияда қызмет атқаруға тыйым салу керек - Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге партия филиалдарында қызмет атқаруға тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында қызмет атқаруға заң жүзінде тыйым салу керек. Мұндай шешімдер көп полярлы партиялық жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді", - деді Президент Парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Бұған дейін Тоқаев Президенттің жақын туыстарына қандай тыйым салынатынын айтқаны хабарланған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу