Әкімдік Ақтау мен Жаңаөзендегі жағдайға қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Әкімдік Ақтау мен Жаңаөзендегі жағдайға қатысты пікір білдірді Фото: Lada.kz

Әкімдік Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында көлік иелері газ бағасының көтерілуіне келіспейтіндіктерін білдіріп митингке шықты. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жиналғандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, газ бағасы сұраныс пен ұсыныс бойынша реттелетінін түсіндірді", - делінген әкімдік хабарламасында.

Реклама
Реклама

Құқық қорғау органдарының өкілдері ҚР "Бейбіт жиындарды ұйымдастыру туралы" заң жобасы бойынша олардың әрекетін заңсыз деп бағалады.

"Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында жиналғандармен кездесу барысында жергілікті атқарушы орган өкілдері қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттігін, оның бұзылуы халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екенін баса айтты",- деп толықтырды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама