26 маусым 2023 08:31

Әкімдік Ақтаудағы газ мәселесіне қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Шенеуніктер Ақтаудағы газ мәселесіне қатысты пікір білдірді. Неге жанармай құю бекеттерінде газ жоқ екеніне Ақтау әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шенеуніктер Ақтаудағы газ мәселесіне қатысты пікір білдірді. Неге жанармай құю бекеттерінде газ жоқ екеніне Ақтау әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Шенеуніктер мәліметінше, 23-шағынаудандағы "Шашлычная №1" кафесі жанындағы "Құрмашев" ЖК-ге ҚазГӨЗ-ден соңғы газ жөнелтілімі 20 маусымда 14,9 тонна көлемінде болған. Бүгінде көгілдір отын толығымен сатылған. ҚазГӨЗ-ден келесі жөнелту кесте бойынша 27 маусымда 15 тонна көлемінде жоспарланған.

"Айтымова" ЖК "Айкел" газ құю бекетіне, "Асар-С" базарына қарама-қарсы, ҚазГӨЗ-ден соңғы жөнелтілім 22 маусымда 17,5 тонна көлемінде болды. Бүгінде газ сатылып кеткен. Келесі жөнелту Атырау мұнай өңдеу зауытынан ("АМӨЗ" ЖШС) кесте бойынша 26 маусымда 21 тонна көлемінде жоспарланғаны хабарланды.

Реклама
Реклама

"Айнаш" ЖК - 25-шағынауданындағы жанармай құю бекетіне ҚазГӨЗ-дан соңғы жөнелтілім 22 маусымда 17 тонна көлемінде болды. Барлық жанармай сатылды. ҚазГӨЗ-дан келесі жөнелтілім 28 маусымға 3,8 тонна көлемінде (қалдық) жоспарланған.

Qyzyl qala монша кешеніне қарама-қарсы 25-шағынаудандағы газ құю бекеті жұмыс істемейді", - делінген хабарламада.

Алайда, Qyzyl qala монша кешеніне қарама-қарсы 25-шағынаудандағы жанармай құю бекетінде "Газ жоқ" деген жазуы бар қағаз ілініп тұрған.

Еске салайық, бұған дейін Ақтаулық жүргізушілер газ мәселесіне шағымданғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram