ПОДЕЛИТЬСЯ
07 маусым 2024 | 09:59
Әкімдік Алматы тауларындағы монша құрылысына қатысты мәлімдеме жасады
Алматы әкімдігі тау бөктеріндегі "Орловские бани" құрылысы туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы әкімдігі тау бөктеріндегі "Орловские бани" құрылысы туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасы мәліметінше, Медеу жолындағы Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі аумақта құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама түскен жоқ, нысанның құрылысына жобалау алдындағы құжаттаманы меншік иесі (жеке тұлға) алған жоқ.
"Визуал тексеру барысында учаскеде құрылыс жүргізілмегені расталды, ал "Орловские бани" жарнамасы бар баннер жойылды. Айта кетейік, сол аумақтағы салынып бітпеген нысан Алматының бұрын жарияланған құрылысы ұзаққа созылған нысандар тізіміне енгізілген", - делінген хабарламада.
Басқармада құрылысы тоқтатылған нысанда заңбұзушылықтар анықталған және нұсқама талаптарын елемеген жағдайда сот талқылауынан соң кезекті жоспардан тыс тексеру жүргізілетіні айтылды.
"Бұрын меншік иесі ұсынған ақпаратқа сәйкес, жоспардан тыс тексеру барысында берілген нұсқама толықтай орындалмаған", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также