Әкімдік Алматыдағы муралды қалпына келтіруге уәде берді

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматыда Алмалы ауданының әкімдігі танымал муралды қалпына келтіруге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда Алмалы ауданының әкімдігі танымал муралды қалпына келтіруге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мердігер компания мен мурал авторлары арасында биыл 21 қазанынан бастап авторлық қадағалау және кескінді қалпына келтіру бойынша уағдаластық бар. Компания муралды өз қаражаты есебінен қалпына келтіреді", - деп хабарлады аудан әкімдігі.

Сурет: Tengrinews.kz/Айнаш Өндіріс©

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, шенеуніктер Сейфуллин даңғылы, 565 мекенжайындағы тұрғын үйдің қасбеті жөнделуі керек болғанын айтты.

"Бұл жұмыстарды "Орион" ЖШС мердігер компаниясы жүргізіп жатыр. "Ожидание" муралы салынған қабырғаның жекелеген элементтері опырылып, түсі оңып кеткен", - деді әкімдіктегілер.

Жергілікті атқарушы орган мәліметінше, мердігер тұрғын үйдің қасбетін демонтаждау және дайындық жұмыстарының 50 пайызын аяқтаған.

Еске салайық, бұған дейін Алматы орталығындағы танымал муралдардың бірі өшірілгені белгілі болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная