21 сәуір 2023 | 17:55

Әкімдік Dublin және Washington тұрғын үй кешендерін сүруге қатысты мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

Астана әкімдігі Dublin және Washington тұрғын үй кешендерін бұзуға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астана әкімдігі Dublin және Washington тұрғын үй кешендерін бұзуға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"(​​G-park мердігер компаниясы) Dublin тұрғын үй кешенінің құрылысы рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген. Айтматов пен Молдағалиев көшелері қиылысындағы жер алдын ала анықталып, жылу трассасының құрылысына бөлінген. Осыған байланысты бұл учаскедегі құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Орнатылған қадалар демонтаждалып, рұқсат етілген жерге ауыстырылады. Құрылыс компаниясымен шарт жасаған азаматтардың мүдделері сақталып, әркім өз пәтерлерін алады.

Washington тұрғын үйі бойынша - құрылыс компаниясына жіберілген ақауларды жойып, барлық қажетті рұқсат құжаттарын ресімдеу тапсырылды", - делінген әкімдік хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Әділет министрлігі Астанада заңсыз салынып жатқан Dublin ТҮК сүрілетіні туралы хабарлаған болатын. Кейінірек елордада салынып жатқан тағы бір Washington тұрғын үй кешені бұзылатыны белгілі болды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная