ПОДЕЛИТЬСЯ
30 наурыз 2023 | 16:10
Әкімдік Жетібайдағы жұмыссыз тұрғындардың аштық жариялауына қатысты пікір білдірді
Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылының жұмыссыз тұрғындары аштық жариялады: олар мұнай саласына жұмысқа орналастыруды талап етіп отыр. Аудан әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылының жұмыссыз тұрғындары аштық жариялады: олар мұнай саласына жұмысқа орналастыруды талап етіп отыр. Аудан әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Ереуілшілер түсірілген видео Желіде 29 наурыздан 30 наурызға қараған түні пайда болды. Ереуілшілердің талаптары өзгеріссіз: мұнай секторында жұмысқа орналастыру.
Аудан әкімдігі мәліметінше, ауылдың жұмыссыз тұрғындары "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамынан бос жұмыс орындарын "70-тен 30-ға дейін" қағидаты бойынша бөлуде артықшылық беруді талап етіп отыр: бос жұмыс орындарының 70 пайызы – ауыл тұрғындарына.
"Басқа ауылдар мен аудандардың тұрғындарына қатысты талапты негізсіз деп санаймыз. Қарақия ауданы, Маңғыстау ауданы, Құрық ауылының жұмыссыз тұрғындары бос жұмыс орындарын бөлуде әділеттілікті талап етіп отыр", - деді аудан әкімшілігі.
Бұл ретте аудан әкімдігі жұмыссыздардың әрекетін заңсыз деп таныды. Аудан әкімшілігі мәліметінше, 29 наурыздан бері Е-otinish бірыңғай порталы арқылы аштық жариялау түріндегі наразылық акциясына барлығы 13 өтініш келіп түскен.
"Қазіргі уақытта өтініштер уәкілетті мемлекеттік органдарда қаралып жатыр. Дегенмен, аштық жариялау акциясын өткізу қолданыстағы заңнамамен реттелмейтінін атап өткен жөн. Жиналғандар мұнай саласына барлығын бірдей жұмысқа орналастыру мүмкін емес екенін мойындауы керек. Басқа салаларда жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін пайдалану қажет. Жұмыссыздар әкімдік ұсынған жұмыстан бас тартып жатыр", - деді аудан әкімдігі.
Сонымен қатар, Қарақия ауданының әкімдігі наразылық білдірушілерге заңға қайшы әрекет жасаған жағдайда заңда белгіленген жауапкершілікті еске салды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также