22 қазан 2022 15:35

Әкімдік Меркідегі қант зауытына қатысты жайтты түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Жамбыл облысы әкімдігі Меркідегі қант зауытына қатысты жайтты түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы әкімдігі Меркідегі қант зауытына қатысты жайтты түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Қазнетте Меркідегі қант зауыты қант қызылшасын қабылдауды тоқтатқаны туралы видео пайда болған еді.

"Меркідегі қант зауыты қызылша қабылдамайды, міне, 2-3 қатарда қанша жүк көлігі тұр, жүргізушілерге обал болды, қант зауыты қабылдамай жатыр. Қандай кезек қараңдаршы, қызылшалар егістіктерде жатыр, субсидия бөлінеді, қызылшаны дер кезінде жинап үлгермей жатыр, - дейді ер адам кадр сыртында.

Реклама
Реклама

Облыс әкімдігі мәліметінше, 2022 жылдың 20 қазанында сағат 14:00 шамасында Меркі ауданындағы қант зауыты қызылша қабылдауды уақытша тоқтатқан.

"Бұған зауыттағы өнімді түсіретін екі арнайы машинаның (қабақ жинайтын машина) кенет істен шығуы себеп болды. Кеше сағат 14:00-де бұл машиналар жөнделді, қызылшаны қабылдау жұмыстары жалғасып жатыр. Зауытта қызылшаны түсіріп, жинайтын төрт машина бар. Сонымен қатар, қызылша таситын көліктер кезекке тұрмас үшін өнімді арнайы орынға түсіруге мүмкіндік бар. Бұған дейін қызылша қабылдау сағат 7:00-ден 20:30-ға дейін жүргізілсе, бүгіннен бастап 00:00-ге дейін жүргізіледі", - деп сендірді Жамбыл облысы әкімдігі өкілдері.

Әкімдік мәліметінше, бүгінде барлығы 81 128 тонна өнім жиналған, зауытқа 58 618 тонна қант қызылшасы жөнелтілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram