28 қараша 2018 | 09:33

Әкімдіктегілер Алакөлдің жаңа жағалауындағы аянышты жағдайға қатысты пікір білдірді

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімінің орынбасары қысқы алғашқы дауылдан кейін түсірілген Алакөл жағалауының видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімінің орынбасары қысқы алғашқы дауылдан кейін түсірілген Алакөл жағалауының видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шенеуніктер биыл жазда мақтана таныстырған Алакөл жағалауының бүгінгі ахуалына наразы болғандар су жырып құлаған, қатқақ жағалауды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Видео авторы былай деп жазды: "Төселген кеспе тастар қазірден-ақ барлық жерде шашылып жатыр, ал "рогаткаға" дейін (жаздық аттракцион) төрт метр қалған, қараңдар, қандай қорқынышты".

Реклама
Реклама

Алайда мұндай жағдайға халық қана наразы болды, шенеуніктер емес. "Қатты дауыл болды, секундына 25-26 метр, екі күн, дауыл соқты, әрине осыдан кейін су көтеріліп, біздің арбатқа қарай төгілді. Қазір ол жердің мұзы 5-7 сантиметр, оның астында барлық плитка жатыр. Ешқандай залал жоқ", - деп түсіндірді Үржар ауданы әкімінің орынбасары Дидар Хамитов.

Дегенмен шенеунік жағалаудың бірнеше метрін су шайғанын жасырмады. Оның айтуынша, шомылу маусымынан кейін коммуналдық кәсіпорын мамандары табиғи құбылыстардан сақтау үшін жағалауға орнатылған дүниенің барлығын жинастырған.

Алакөл жағалауын бекіту мәселесі бұрыннан қозғалып келеді, алайда әзірше ол жұмыстарға қаржы жоқ. Шенеуніктер жағалауды қайта жөндеу үшін төрт миллиард теңгеден аса қаржы жұмсаған, алайда бұзып өтетін толқындардан еш сақтамаған.

"Келесі жылы қазір бар пирстің жұмыстары аяқталуы мүмкін және қосымша тоғыз пирс тұрғызамыз. Т-түріндегі пирстер біздің жағалаудың 3,2 шақырым жерін қорғай алады", - деді Дидар Хамитов 2019 жылға арналған жоспармен бөлісіп.

Десек те, Алакөл үшін ең қауіпті маусым көктемде басталады, алғашқы жылымықта. Тап сол кезде орасан зор мұз сеңдері жоғары жылдамдықпен жағалауға соғылып, жолындағының барлығын жапырады. Қазірше ол жағалаудың қыстан кейін қандай жағдайда болатынына болжам ғана жасауға болады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная