24 желтоқсан 2020 | 17:34

Әкімдіктегілер контролер мен жолаушы арасындағы жанжалға пікір білдірді

Видеодан алынған кадр

Алматы әкімдігі автобустағы контролер мен жолаушы арасындағы жанжалдың видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімдігі автобустағы контролер мен жолаушы арасындағы жанжалдың видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Автопарк басшылығының мәліметінше, бұл жағдай 22 желтоқсанда № 57 маршрутта болған.

Реклама
Реклама

Контролердің айтуынша, жол жүру ақысын тексеру кезінде жолаушы төлем туралы SMS-хабарламасы бар телефонды көрсеткен. Алайда хабарламада автобустың күні, төленген уақыты және нөмірі болмаған.

"Мұндай мәліметтер міндетті түрде тексеріледі. Ол жол ақысын төлеуді сұрады. Әйел бас тартып, "Магнум" аялдамасында түсіп кеткен, содан контролер мен әйел жанжалдасқан. Контролердің айтуынша, жолаушы оны есек деп атаған, ал ол оған жауап ретінде бейәдеп сөздер айтқан. Бұл үшін қызметкер көпшілік алдында кешірім сұрауға дайын", - деді әкімдіктегілер.

Осы ретте кәсіпорын әкімшілігі қызметкерден кешірім сұрайды. Компаниядағылар олардың қызметкері бұрын ешқандай ережебұзушылық жасамағанын және тәртіптік жазаға тартылмағанын атап өтті.

"Осыны ескере отырып, оған екі ай сынақ мерзімі берілді, егер осы уақыт ішінде оның тарапынан қандай да бір ережебұзушылықтар болса, ол жұмыстан шығарылады. Сонымен қатар, автопарк әкімшілігі видео авторынан жағдайды барынша объектив және жан-жақты зерттеу үшін төлем туралы, күні мен уақытын көрсете отырып мәлімет беруді сұрайды", - деді ведомстводағылар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ✳️Kazakhstan | Казахстан✳️ (@krispi.almaty)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная