ПОДЕЛИТЬСЯ
26 мамыр 2021 | 13:51
Әкімдіктер мен министрліктерде еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады. Президентке мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің пилоттық режимінің жүзеге асырылуы жөнінде баяндалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Аталған пилоттық жобаға 2018 жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Әділет министрлігі, бірқатар өңірдің әкімдіктері қатысты. Жүргізілген тәжірибенің нәтижесінде жобаға қатысушы мемлекеттік органдарда кадрлардың алмасуы 4,9 пайыздан 3,5 пайызға дейін азайып, мемлекеттік қызметтің тартымдылығы арта түсті (конкурс 1 орынға 3,4 есеге артты), орталықта және аймақтарда еңбекақы төлеу алшақтығы 70 пайыздан 16 пайызға дейін қысқарды.
"Мемлекет басшысы аталған жобаны жергілікті атқарушы органдарда сондай-ақ, орталық мемлекеттік органдарда ауқымды түрде жүзеге асыруды тапсырды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің санын кезең-кезеңімен қысқарту және мемлекеттік аппараттың ұйымдық құрылымын оңтайландыру жұмыстарын жалғастыру керек. Президент құрылымды қайта өзгерту нәтижесінде үнемделген қаржыны еңбекақы көлемін арттыруға бағыттау маңызды деп санайды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также