ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қыркүйек 2018 | 15:04
Әкімдіктің жиынында Астанадағы ет бағасы айтылды
Қалалық әкімдіктің кезекті жиынында Астана әкімі Бақыт Сұлтановқа ең бірінші қажетті деген азық-түліктердің бағасын тұрақтандыру мәселесін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігнің ресми сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қалалық әкімдіктің кезекті жиынында Астана әкімі Бақыт Сұлтановқа ең бірінші қажетті деген азық-түліктердің бағасын тұрақтандыру мәселесін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігнің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жиын барысында Астана қаласының Инвестиция және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі басқарма басшысы Әлішер Абдықадыров пен "Астана ӘКК" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов көтеріліп отырған мәселе бойынша қаладағы қабылданған шаралар туралы баяндады.
"Біз аймақтар арасында баға деңгейінің өсуі бойынша 3 орында тұрмыз. Бұл жақсы көрсеткіш", - деп мәлімдеді Абдықадыров.
Соңғы төрт жылда астанада инфляцияның орташа және өсім динамикасы тұрақты 7,5 пайыз болғаны айтылды.
"Мысалы, әрбір бесінші килограмм ет қаладағы "Шапағат" базарында сатылады екен. Себебі, онда қала бойынша ең төменгі баға - келісі 1350 теңгеден сатылады. Ал қала бойынша орта есептегі баға 1680 теңе", - деді Абдықадыров.
Оның пікірінше, астанадағы жақсы көрсеткіш "Астана ӘКК" АҚ 2016 жылы іске асырған сауда желілерін жеңілдікпен несиелеу бағдарламасының арқасында жетіп отыр.
"Біз желілерге пайызсыз займ ұсынамыз, олар ақшаны өздерінің қажеттілігіне қарай алады және бағаны белгілейді, яғни біз олардың бағаны өсірмеу тәуекелін өтейміз. Бұл өзінің тиімділігін көрсеткен нарықтық механизм", - деді ол.
Бүгінге дейін "Астықжан" супермаркеті мен "КенМарт" гипермаркетімен әріптестік туралы шартқа қол қойылды.
Қойылған шартқа сәйкес, желілер 25 тауар позициясына баға белгіледі. Олар: макарон, май, ұн, сүт, қаймақ, тұз, ірімшік, жұмыртқа, тауық, нан және басқалары.
"Осы жүйенің арқасында біз бүгінде өзге аймақтар арасында баға өсімі бойынша 8-ші позицияда тұрмыз. Енді осы бағдарламаны кеңейтіп, тізімде белгіленген тауарлар санын көбейткіміз келеді. Әрине бұған басқа да сауда желілерін тартамыз", - деді Жақыпов.
Айта кетейік, мониторинг бойынша бүгінде қаладағы сауда үйлерінде күріштің бағасы 240-тан 300 теңге аралығында.
Ең төменгі баға күріштің бір келісі "Шапағат" базарында 240 теңге болып бекітілді.
Қарақұмықтың бағасы ("Шапағат" ЖШС 110 теңге, "Артем" СҮ 180 теңге, "Әсем" СҮ 150 теңге), макарон өнімдері ("Шапағат" ЖШС бір келісі 270 теңге, "Артем" СҮ 320 теңге, "Әлем" СҮ 330 теңге), ұн ("Шапағатта" келісі 210 теңге, "Артем" СҮ 360 теңге, "Әлем" СҮ 350 теңге және "Әсем" СҮ бір келісі 280-300 теңгеден).
Одан басқа, шай, қант, тұз және күнбағыс майын осы жерден арзан бағаға сатып алуға болады.
Показать комментарии
Читайте также