08 ақпан 2024 16:38

"Әкімнің бастамасы болуы мүмкін". Антикор Шымкентте жиналыс үстінде ұсталған шенеунікке қатысты пікір білдірді

Видеодан алынған кадр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Шымкентте жиналыс кезінде ұсталған тұрғын үй басқармасы басшысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Шымкентте жиналыс кезінде ұсталған тұрғын үй басқармасы басшысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Шымкентте Антикор қызметкерлері шенеунікті жиналыс кезінде ұстаған еді.

Реклама
Реклама

Саян Ахметжанов мұндай іс-шара алдын ала келісім бойынша жүргізілетінін атап өтті.

"Біз бұл жағдайды қарастырдық деп ойлаймын. Жемқорлыққа қарсы қызмет ашық жұмыс істейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті (оқиға орнына) шақырғанда жергілікті атқарушы органмен келісіледі. Бұл қала әкімінің бастамасы болуы мүмкін", - деді Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі.

Еске салайық, 6 ақпанда Шымкентте шенеунікті Антикор қызметкерлері жиналыс үстінде алып кеткен болатын.

Видеоны Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Роликте әкім қоластындағы қызметкерлерге адал қызмет ету керегін ескертіп, түсіндіріп жатады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков (@gabit_syzdykbekov)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің тарапынан қалалық басқармалардың бірінде басшы лауазымдағы азаматтың іс-әрекеттері күдік тудырғаны анықталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram