Әкімнің қызғалдақ ұстап түскен суреті дауға айналды

Фото: instagram.com/problema.aktobe

Ақтөбе облысындағы Мұғалжар ауданында аудан әкіміне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысындағы Мұғалжар ауданында аудан әкіміне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Мұғалжар ауданына қарасты Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округтің әкімі Ләззат Бердібаеваның қолына қызғалдақ ұстап түскен суреті әлеуметтік желіге жариялағаны туралы хабарлаған едік. Осыдан кейін шенеунік даудың ортасында қалды.

Өзінің айтуынша, гүлдерді оған табиғат аясында демалып жүрген кезінде қыздары сыйлаған, яғни олар гүлдерді сол жерде теріп алған.

Реклама
Реклама

Алайда жергілікті әкімдік бұған дейін бұл гүлдерді жұлуға тыйым салынғанын ескерткен болатын, өйткені қызғалдақтар Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

Шенеуніктің гүл ұстаған суреті әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін полиция тексеріс жүргізіп, әкімге қатысты әкімшілік хаттама толтырған.

"Анықтау нәтижесінде, ҚР ӘҚБтК 127-бабы бойынша ("Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу мен қамқорлық жасау міндеттерін орындамау") әкімшілік хаттама толтырылды, себебі оның айтуынша, гүлдерді кәмелетке толмаған балалары теріп алған. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің этикасы жөніндегі кеңесте қарау үшін аудан әкімдігіне ұсыныс жолданды", – деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабына сәйкес, бұл құқық бұзушылық үшін 10-15 айлық есептік көрсеткіш (39 320 - 58 980 теңге) көлемінде айыппұл немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама