ПОДЕЛИТЬСЯ
19 наурыз 2019 | 11:41
Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі мен көмекшісі тағайындалды
Ақмола облысы әкімі Мәлік Мырзалин әкімдіктегі тағайындаулар жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақмола облысы әкімі Мәлік Мырзалин әкімдіктегі тағайындаулар жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиге сілтеме жасап.
Өмірғали Ерлік Қайдарұлы Ақмола облысы әкімінің кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.
"1979 жылы Көкшетау облысында туған. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетін "Қықықтану" мамандығы бойынша, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының магистратурасын "мемлекеттік және муниципалдық басқару" мамандығы бойынша тәмамдаған", - деді Мырзалин кеңесшіні таныстыра отырып.
Ерлік Өмірғали
Ерлік Өмірғали сот жүйесінде, сондай-ақ "Би-Логистикс" АҚ Ақмола облысы бойынша директорының орынбасары, "Астана Недвижимость" АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры болып жұмыс істеді. 2010 жылдан бастап - "Алуа-Строй" ЖШС басшысы. 2014 жылдан бастап - "Жас парасат" ЖШС директоры қызметтерін атқарып келді.
12 наурызда Заңғар Ғаббасов облыс әкімінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. 1971 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1991 жылы Киров атындағы әскери авиациялық-техникалық училищесін "тікұшақтар мен авиациялық қозғалтқыштардың әскери техник-механигі" мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасы Әскери-әуе күштері бөлімдерінде, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде, Астана қаласы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының жергілікті әскери басқару органдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. Соңғы лауазымы - Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының бірінші орынбасары.
Заңғар Ғаббасов
Показать комментарии
Читайте также