ПОДЕЛИТЬСЯ
19 наурыз 2019 | 11:18
Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Василий Крылов пен аппарат басшысы Талғат Бөлтенов қызметтерінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиге сілтеме жасап.

"Берілген өтініш негізінде, отбасы жағдайына байланысты облыс әкімінің орынбасары Василий Леонидович Крылов атқарып отырған қызметінен босатылды. Сондай-ақ, Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы Талғат Бөлтенов Ақмола облысының қаржы басқармасына қайта оралуын сұрап, қызметінен босатылады", - деді облыс әкімі Мәлік Мырзалин аппарат кеңесінде.
Ол Василий Крылов пен Талғат Бөлтеновке бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, оларға табыс тіледі.
Показать комментарии
Читайте также