23 шілде 2020 19:07

Ақмола облысына 11 блокбекет қойылады

Фото: tengrinews.kz

Ақмола облысына блокбекеттер қайта қойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысына блокбекеттер қайта қойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Басқарманың мәліметінше олар тәулік бойы жұмыс істейді. 

Реклама
Реклама

24 шілде сағат 00.00-ден бастап, өңірде коронавирус инфекциясының алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында карантин талабы күшейеді. Бурабай ауданы ерекше бақылауда болады. Онда 6 блокбекет қойылып, 7 мобильді топ жұмыс істейді. Зеренді және Ерейментау аудандарында да бақылау күшейеді. Сайдалы және Самал өзендеріне баратын жолдарда бақылау-өткізу бекеттері болады.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, өңірде 11 блокбекет және 10 мобильді топ жұмыс істейді. 100 тәртіп сақшысы қызмет атқарады.

"Азаматтарымыздың жауапкершілігі төмен болғандықтан осындай қадамға баруға мәжбүр болдық. Шілденің ыстық күндері адамдар жаппай жағажайға барды. Олар санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды ұмытып кетті. Ережелер мен қаулыларға қарамастан демалушылар курорт аймағын инфекция жұқтыру қаупі жоғары орынға айналдырды", - дейді облыстық полиция департаменті.

Айта кетейік, Ақмола облысында 2 161 адам коронавирус жұқтырған. 1 431 науқас жазылды, 31 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram