Ақмола облысында 21 жастағы жігіт тоғыз күннен бері табылмай жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Ақмола облысында 21 жастағы жігіт тоғыз күннен бері табылмай жатыр

Ақмола облысының 21 жастағы тұрғыны жоғалып кетті. Ол 13 ақпаннан бері туыстарымен байланысқа шықпаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысының 21 жастағы тұрғыны жоғалып кетті. Ол 13 ақпаннан бері туыстарымен байланысқа шықпаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2023 жылғы 20 ақпанда Көкшетау полиция басқармасына 48 жастағы тұрғын 2002 жылы туған ұлы Божантаев Рахман Жасланұлын іздеуге көмектесу туралы өтінішпен жүгінген.

Әкесінің айтуынша, ұлы 6 ақпанда Астанадан қонаққа келіп, 13 ақпанда кетіп, содан кейін байланысқа шықпаған. Осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз.

Реклама
Реклама

Белгілері: бойы 170-175 см, арық денелі, шашы қара. Астанада іздеу іс-шараларын жүргізетін тәжірибелі қызметкерлерден арнайы топ құрылды. Жоғалған адамды іздеуге волонтерлер де қосылған.

Рахман Божантаевтың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндер мына нөмірлерге хабарлай алады: 8 778 645 3579, 8 702 877 9255, 8 (7162) 257 805 немесе 102.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама