Ақмола облысында 280 мопед жүргізушісі жауапқа тартылды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Ақмола облысында жыл басынан бері мотоциклдің қатысуымен 14 ЖКО тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысында жыл басынан бері мотоциклдің қатысуымен 14 ЖКО тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының айтуынша, жыл басынан бері мотоциклдің қатысуымен 14 ЖКО тіркелген, онда 2 адам қаза тауып, 17 адам жарақат алған.

Түрлі заңбұзушылықтар үшін 280 мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды. 180 мотоцикл айыппұл тұрағына қамалды, оның 40-ы Көкшетау қаласында. Жазда жолдарда екі дөңгелекті көлікпен жүретін адамдардың саны артады. Дәл осы жол қозғалысына қатысушылардың санаты ең аз қорғалған болып шығады. Мотоцикл, автомобильден айырмашылығы, қозғалыстың басқа ерекшелігіне ие.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, полицейлердің пікірінше, қазіргі жасөспірімдерге ең қажет сыйлықтардың бірі - мопед. Көптеген ата-аналар балаларын қуантуға тырысып, оларға қауіпті көлікті сатып алып, оның артындағы ауыр жағдайлар туындайтынын ұмытып кетеді.

"Осыған байланысты полицейлер барлық ата-аналарға құқық қорғау органдарының кеңестерін тыңдауға шақырады. Балаңыздың еркелігіне берілмей, мұндай маңызды тауарды сатып алмаңыз. Ол кәмелетке толған кезде көлікті басқаруға тиісті құжаттарды алуы қажет", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная