08 қаңтар 2020 | 09:11

Ақмола облысында аудан әкімі аза тұту күні той тойлаған

© КТК кадры

Ерейментау ауданы әкімдігінің қызметкерлері аза тұту күні асыр салып той тойлаған қаралы күнде би билеп, ән салған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ерейментау ауданы әкімдігінің қызметкерлері аза тұту күні асыр салып той тойлаған қаралы күнде би билеп, ән салған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ақмола облысының Ерейментау ауданы әкімдігінің қызметкерлері Жалпыұлттық аза тұту күні Жаңа жыл тойлаған-мыс. Ұшақ апатына қатысты жарияланған қаралы күндегі олардың бұл әрекеті тұрғындардың ашу ызасын туғызған.

Реклама
Реклама

Басшылардың бассыздығына ашынған ерейментаулықтар полицияға хабарлапты. Бірақ оларды тоқтатқан ешкім болмады. Сол күні президент жарлығымен аза тұту күні жарияланып, республика бойынша ойын-сауық іс шаралары кейінге шегерілген еді. Бірақ, бұл қайғылы жағдайға да, президент жарлығына да, Ерейментау ауданының әкімі мен қызметкерлері селт етпеген сыңайлы. Жаңажылдық кеште жергілікті мәслихат депутатының мейрамханасында асыр салып той тойлаған.

Аудан әкімі болып тағайындалғанына бір жыл да болмаған Абай Әлжанов сол кеште әйелімен бірге "туған күнде болдым" деп отыр. 

"Бір туыстардың туған күнінде болдық. Мен кірдім де, шықтым, бір туысымның... несіне... жолдасыммен. Беретінімді беріп, құттықтап шықтым", - дейді Ерейментау ауданының әкімі Абай Әлжанов.

Еске салайық, 27 желтоқсанда таңғы уақытта Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Апаттан 12 адамның қаза тапқаны белгілі.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная