Ақмола облысында блокбекеттер алынды

Ақмола облысында блокбекеттер алынды © Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысында блокбекеттер алынды, - деп хабарлайды "Хабар24".

Ақмола облысында блокбекеттер алынды, - деп хабарлайды "Хабар24".

Телеарна мәліметінше, енді аймақ ішінде емін-еркін жүруге болады. Бірақ тек елордаға кіреберіс пен оның маңындағы Целиноград ауданында ғана қозғалыс шектелген.

Яғни Нұр-Сұлтан қаласы мен Целиноград ауданының ауылдарына жол жоқ. Себебі аталған аудан қауіпті вирустың ошағына айналған. Ол маңда қалған 3 бекет пен облыс шекарларындағы тағы бірнеше блокбекет өз жұмысын жалғастыра бермек дейді.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, карантин режимі енгізілген уақытта өңірде 100 шақты блокбекет қойылып, олардың саны кезең-кезеңімен біртіндеп азайтылған болатын. 

"Целиноград ауданының тұрғындары өз аумақтарында ғана жүре алады. Олар басқа аудандарға және елордаға кіре алмайды. Ал басқа аудандар өзара қарым-қатынас жасай алады. Бірақ тек Целиноград ауданы мен астанаға бара алмайды. Сондай-ақ көрші облыстардың аумағына да өтуге рұқсат жоқ", - дейді облыстық жергілік полиция басқармасының басшысы Серік Баймұқанов. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама