ПОДЕЛИТЬСЯ
19 маусым 2020 | 10:41
Ақмола облысында COVID-19 жұқтыру деңгейі алты есе өскен
Қазақстанның 14 облысында коронавирус жұқтыру деңгейі артқан. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның 14 облысында коронавирус жұқтыру деңгейі артқан. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"15-17 маусым аралығында жағдай ойдағыдай емес деп сипатталады, себебі осы аптаның үш күнінде 3007 жағдай тіркелді, олардың 1068-сінде ауру белгілері бар, 1939-ы - симптомсыз. Өткен аптаның дәл осы кезеңінде (8-10 маусым) 1871 жағдай тіркелген, өсім - 1,6 есе", - деді вице-министр үкімет отырысында.
Ол Шымкент пен Маңғыстау облыстарын қоспағанда, Қазақстанның 15 аймағында ауру 1,1-ден алты есеге дейін өскенін айтты.
"Ақмола облысы - алты есе, Түркістан - бес есе, Қостанай - 3,1 есе, Павлодар - 2,6 есе, Нұр-Сұлтан - 2,2 есе, Атырау - екі есе, Ақтөбе - 1,8 есе, Қызылорда - 1,5 есе, Алматы - 1,5 есе, БҚО - 1,4 есе, Жамбыл - 1,3 есе, Қарағанды - 1,3 есе, Шығыс Қазақстан - 1,2 есе, Алматы - 1,1 есе, - деді Ақтаева.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также