Ақмола облысында Державинск қаласының атауы өзгеруі мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысында Державинск қаласының атауы Кенесары болып өзгертілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысында Державинск қаласының атауы Кенесары болып өзгертілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған жиында Ақмола облысы Жарқайың ауданының тұрғындары қала атауын өзгерту мәселесін шешті.

Реклама
Реклама

Қалаға ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі, Абылай ханның немересі Кенесары Қасымовтың құрметіне Кенесары деген жаңа атау беру ұсынылған.

Ақмола облысының әкімдігі мәліметінше, атауды өзгерту туралы соңғы шешім әлі қабылданған жоқ.

"Бұл тұрғындардың бастамасымен, жиын өтті. Әзірге ресми шешім қабылданған жоқ", - деді Tengrinews.kz тілшісіне облыс әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетейік, Википедия қазірдің өзінде қала атауын өзгертіп үлгерген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама