Ақмола облысында электр желісінің тірегі құлап, жолды жауып қалған

Ақмола облысында электр желісінің тірегі құлап, жолды жауып қалған Бейнеден алынған кадрлар

Астанадан Атбасарға апаратын тасжолдың бойында жоғары вольтты электр желісінің тірегі құлап, сымдар жолдың жүру бөлігін жауып қалды. Оқиға орнынан түсірілген видеоны жергілікті парақшалардың бірі жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадан Атбасарға апаратын тасжолдың бойында жоғары вольтты электр желісінің тірегі құлап, сымдар жолдың жүру бөлігін жауып қалды. Оқиға орнынан түсірілген видеоны жергілікті парақшалардың бірі жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жолдағы сымдар қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндірді.

Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімдігі оқиға Алматы - Екатеринбург республикалық тасжолында, Ескі Қолутон ауылдық округінің Қосқөл ауылына жақын маңда болғанын хабарлады.

Жарнама
Жарнама

"Алдын ала мәліметтер бойынша, ВЛ-500 жоғары вольтты электр желісінің тірегі жолдың жүру бөлігіне құлаған. Азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне төнген қатерге байланысты бұл учаскеде қозғалыс уақытша тоқтатылды. Жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында. Оқиға орнында барлық тиісті қызмет жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады ведомство.

Видео авторының айтуынша, жүргізуші "тіркемесімен жоғары вольтты желіні іліп кеткен".

Желідегі жарияланымға полиция қызметкерлері де назар аударды. Ақмола облыстық ПД жол-көлік оқиғасы 20 мамырда Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы автожолында болғанын нақтылады.

"Апат салдарынан жоғары вольтты электр желісі зақымдалып, көлік қозғалысы уақытша қиындады. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жол қозғалысын реттеуді ұйымдастырып, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Жеңіл автокөліктер үшін жақын маңдағы елді мекен арқылы айналма жол ұйымдастырылды", - деп хабарлады полиция.

Полицейлер оқиға салдарын жоюмен және электр желісін қалпына келтірумен энергетикалық ұйым мен жол қызметтерінің мамандары айналысып жатқанын атап өтті.

ПД көлік құралының жүргізушісі заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама