ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қаңтар 2020 | 14:15
Ақмола облысында жолда қалған 30 адам құтқарылды
Ақмола облысында боран салдарынан қар құрсауында қалған 30 адам құтқарылды. Олардың төртеуі - бала, - деп хабарлайды "Хабар 24".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақмола облысында боран салдарынан қар құрсауында қалған 30 адам құтқарылды. Олардың төртеуі - бала, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Эвакуациялық жұмыстар аймақтың барлық ауданында жүргізілген. Мәселен, Жақсы ауданында ауруханаға бара жатқан науқас әйел мінген көлік Моховое ауылының тұсында қарға батып қалады. 112 қызметіне хабарласқан оларды құтқарушылар аман-есен аудан орталығына жеткізді. Ал Щучинск қаласының тұсында 17 жолаушы жол ашылғанша жылыту бекетін паналаған. Ауа райын болжаушылар қолайсыз күн райы аймақта әлі бір-екі күн сақталады деп отыр.
Айта кетейік, бүгін көктайғақ пен боран салдарынан облыс орталығы мен бірнеше ауданда 9-сыныпқа дейінгі мектеп оқушыларына сабақ болмады.
"Циклон мен фронттардың өтуіне байланысты Ақмола облысында Атлантика аумағынан келген жылы және ылғалды ауа массаларының өтуі сақталады. Бүгін күндіз және түнде желдің күшеюі облыс бойынша көп бөлігінде сақталады. Екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын болады", - деді "Қазгидромет" АҚ облыстық филиалы бөлімінің жетекшісі Даниель Жұмажанов.
Показать комментарии
Читайте также