Ақмола облысында жұмысшы қаза болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Ақмола облысында жұмысшы қаза болды

Ақмола облысында жұмысшы қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 27 қазанда Целиноград аудандық полиция бөліміне кәсіпорындардың бірінің қызметкері қоңырау шалып, Ақмол ауылында кәріз құбырларын төсеу объектісінде экскаватор жүргізушісі абайсызда әріптесін экскаватор шөмішімен жарақаттап алғанын айтқан.

Салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қаза болды.

Жарнама
Жарнама

Осы дерекке сәйкес полиция бөлімі ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі "Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бойынша соталды тергеуді бастады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама