ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қаңтар 2022 | 09:08
Ақмола облысында қолайсыз ауа райына байланысты екі жол бөлігі жабылды
Ақмола облысында қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар екі жол бөлігі жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақмола облысында қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар екі жол бөлігі жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында боран соғып, қар жауып, жолдың көрінбеуіне байланысты 16 қаңтар сағат 23:00-ден бастап Макинск - Ақсу - Торғай бөлігінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. (Макинск қаласы - Торғай ауылы), Екатеринбург - Алматы жолы (1114-1227 км, Жалтыр станциясы - Қажымұқан ауылы).
Сондай-ақ, 16 қаңтарда сағат 23.30-дан бастап боран соғып, қар жауып, жолдың көрінбеуіне байланысты республикалық маңызы бар жол бөлігі Екатеринбург-Алматы тас жолы (1229-1426 км, Нұр-Сұлтан қаласы - шекара) жолаушылар және жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Министрлік төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында көлік жүргізушілеріне алыс сапарға шықпауға кеңес берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также