29 қаңтар 2024 | 17:02

Ақмола облысында көлікті заңсыз есепке тіркеу схемасы әшкере болды

видео кадры

ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті жалған төлем және есеп айырысу құжаттарын пайдалана отырып, 55 автокөлік құралын заңсыз есепке тіркеу дерегі бойынша қылмыстық істердің бірін тергеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті жалған төлем және есеп айырысу құжаттарын пайдалана отырып, 55 автокөлік құралын заңсыз есепке тіркеу дерегі бойынша қылмыстық істердің бірін тергеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА мәліметінше, бастапқы тіркеу үшін алымды төлемеу салдарынан мемлекетке 401,3 миллион теңге көлемінде залал келтірілген.

"Қылмысты ұйымдастырушы топ Ақмола облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы аға мемлекеттік инспекторымен бірігіп, 2020 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы қаңтар аралығында тиісті төлемдерді төлемеу, электрон өтінімдерді бекіту, жалған төлем құжаттарын пайдалану жолымен шетелден әкелінген көлік құралдарын жаппай бастапқы тіркеуді ұйымдастырғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная