Ақмола облысында құны 82 миллион теңге болатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Ақмола облысында құны 82 миллион теңге болатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Ақмола облысында құны 82 миллион теңге болатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысында құны 82 миллион теңге болатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сандықтау ауданының прокуратурасы жер комиссиясының қызметін талдау барысында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурс қорытындыларын шығару кезінде заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады.

Конкурстың қорытындылары үш кезеңде шығарылғаны анықталды, ал қолданыстағы заңнамада конкурс өткізілгеннен кейінгі күні қорытындыларды шығару көзделген. Бұл конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігіне теріс әсер еткен.

Реклама
Реклама

"Прокурорлық қадағалау актісі бойынша сот тәртібімен 7 жалдау шартын жарамсыз деп тануды қамтамасыз етті. Нәтижесінде мемлекет меншігіне жалпы ауданы 1 400 гектар болатын, құны 82 миллион теңге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері қайтарылды", - делінген хабарламда.

Кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама