26 ақпан 2024 14:03

Ақмола облысында лауазымды тұлғалар ақша жымқырды деген күдікке ілінді - прокуратура

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысында жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

"Целиноград ауданының прокуратурасымен жергілікті атқарушы органдардың қызметінде бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы тұрғысынан тексеру нәтижелері бойынша Қараөткел ауылдық округі әкімдігінің лауазымды тұлғаларымен 3 жылдан астам уақыт бойы жалпы сомасы 15 миллион теңгеден аса жалақыны негізсіз алып келгені анықталды", - делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша, Қараөткел ауылдық округінің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚК-нің 189-бабы 2-тармағының 4-бөлігі ("Аса ірі мөлшерде жымқыру") бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.

Реклама
Реклама

Аталған баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram