28 тамыз 2020 | 09:29

Ақмола облысында мамонт сүйегі табылды

Сурет: Хабар 24 сюжетінен алынған

Бұландыдан ерте замандағы жануардың сүйегі табылды. Ұзындығы бір метрден асатын қалдықты мамандар "мамонттың сүйегі" деп болжап отыр. Жалпы бұл жануардың қаңқасы осы аймақтан бұрын да табылған. Бірақ дәл осы Бұланды ауданының аумағынан бірінші рет кездесіп отыр екен. Бұл туралы "Хабар 24" тілшісі хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бұландыдан ерте замандағы жануардың сүйегі табылды. Ұзындығы бір метрден асатын қалдықты мамандар "мамонттың сүйегі" деп болжап отыр. Жалпы бұл жануардың қаңқасы осы аймақтан бұрын да табылған. Бірақ дәл осы Бұланды ауданының аумағынан бірінші рет кездесіп отыр екен. Бұл туралы "Хабар 24" тілшісі хабарлады.

Ерекше жәдігерді тапқан Буденовка аулының тұрғыны Валерий Дубовик. Іргедегі өзенге әдеттегідей балық аулауға келген ол, жағалаудағы құм арасынан ерекше дүниені байқайды. Телеарна тілшісінің айтуынша, оның мамонттың сүйегі екенін білген балықшы "балық аулаймын деп, мамонт ұстап қайттым" деп әзілдейді екен.

Реклама
Реклама

"Балық аулауға келе жатып, ақ түсті бір затты байқадым. Құбыр шығар деп ойлап, қасына барғанда оның сүйек екенін білдім. Сөйтіп, қаза бастадым. Сөйтсем, сүйек, өте үлкен екен. Суретке түсіріп алдым да қайтадан көміп, дереу әкімдікке хабарладым. Ең қызығы, осы жерге жиі келеміз. Бірақ сүйекті енді ғана көріп тұрмын", - дейді Буденовка ауылының тұрғыны Валерий Дубовик.

Сүйек ұзындығы 1 метр 5 сантиметр. Ал жуандығы 25-30 сантиметр дейін жетеді. Әрі ол жақсы сақталған. Бір басының ғана сәл сынғаны болмаса, басқа жерлері бүтін. Мамандардың айтуынша, бұл мамонттың иық сүйегі болуы мүмкін. 

"Болжам бойынша - бұл осыдан 10 мың жыл бұрын өмір сүрген мамонттың сүйегі. Ол 50 мың жыл бұрын мекен еткен болуы да мүмкін. Сондықтан нақты мәлімет пен толық қорытындыны Алматыдағы палеозоологтар ғана бере алады. Біз оларға сүйектің фотосуреттері мен деректерін жібереміз", - дейді облыстық тарихи-өлкетану мұражайының аға ғылыми қызметкері Дана Сұлтан.

Аймақта мұндай жәдігерлер бұрын Зеренді, Шортанды, Жақсы аудандарынан да табылған екен. Олардың арасында 2 метрге дейін жететіндері де бар. Алайда толық бір қаңқа әлі күнге дейін жиналған емес. Сондықтан олар алдағы уақытта оны да кезіктіріп қалармыз деп үміттенеді.

"Осы аумақты белгілеп, ары қарай қазу жұмыстары жүргізіледі әлі. Соның арқасында мүмкін ары қарай тағы да сүйектер табамыз деп ойлаймыз. Енді биыл болмайды ол. Мүмкін ендігі жылы. Жоспарға алып оны, бюджетке қойып, жоспарға алып, сол жағынан жұмыстар ұйымдастыру қажет", - дейді археолог Рауан Ержанов.

Себебі осы жылдың археологиялық маусымы аяқталды, дейді қазба жұмысымен айналысатындар.

Телеарна тілшісінің айтуынша, мамандар дәл осындай жәдігерлер көбіне өзеннің жағалауынан табылатынын айтқан. Себебі, құмда сүйектер жақсы сақталады екен. Бұл сүйектің бір ерекшелігі - оның салмағы өте ауыр. Бұл да оның жақсы сақталғандығының бір белгісі. Сүйек музейде толық зерттеледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная