Ақмола облысында мәслихат төрағасының үйіне қарақшылар түскен

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Ақмола облысында белгісіз біреулер аудандық мәслихат төрағасының үйіне қарақшылық шабуыл жасаған. Бұл ақпаратты өңірлік полиция растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысында белгісіз біреулер аудандық мәслихат төрағасының үйіне қарақшылық шабуыл жасаған. Бұл ақпаратты өңірлік полиция растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілердегі мәліметке сәйкес, қарулы қылмыскерлер түнде бетперде киіп, жекеменшік үйге кіріп, үй иесі мен отбасын жертөлеге қамап, үйді тінтіп, ұрланған заттарды көлікке тиеп, оқиға орнынан жасырынған.

Ақмола облысының полициясы бұл туралы толық ақпарат бермегенімен, шабуыл дерегін растады.

Реклама
Реклама

"Астраханка ауылында қарақшылық шабуыл дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шабуыл жасаған адамдардың жеке басын анықтау және оларды ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл қылмысты ашу департамент басшылығының бақылауында", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама