Ақмола облысында полицейлер 1200-ден астам көлікті қарлы бораннан алып шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Ақмола облысында полицейлер 1200-ден астам көлікті қарлы бораннан алып шықты

Ақмола облысы жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция батальоны мен ротасының қызметкерлері 4 қаңтар күні сағат 12:00-ден кейін автокөліктердің көптеп жиналуына байланысты төрт бағанмен ілесіп жүру жұмыстарын ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, полицейлер 500-ге жуық жеңіл және 70-ке жуық жүк көлігімен ілесіп жүрген.

"Щучинскіден Астанаға жүріп бара жатқан 170-ке жуық жеңіл және Астанадан Щучинскіге 100 жүк көлігі аман-есен жетті. 270-ке жуық көлік құралының колоннасын Жібек Жолы кентінен Қарағанды облысының Анар станциясына дейін полиция қызметкерлері ілесіп жүрді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Анар станциясынан Астанаға дейін 160-қа жуық автокөлікті, оның ішінде 30 жүк көлігімен ілесіп жүрді.

Іс-шараға 93 полиция қызметкері мен 56 патрульдік автокөлік жұмылдырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама