Ақмола облысында полицейлер көктайғақта жолда қалған көліктерге көмектесті

Ақмола облысында полицейлер көктайғақта жолда қалған көліктерге көмектесті Polisia.kz

Ақмола облысында полицейлер көктайғақ салдарынан орнынан қозғала алмай қалған 10 ауыр жүк көлігінің жүргізушілеріне бірнеше сағат бойы көмек көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақмола облысында полицейлер көктайғақ салдарынан орнынан қозғала алмай қалған 10 ауыр жүк көлігінің жүргізушілеріне бірнеше сағат бойы көмек көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жақсы-Есіл-Бұзылық тас жолында, жұмыс кезінде жол арнайы техникасы: автогрейдер және жүк тиегіш жол жиегіне түсіп кетті.

Оқиға орнына Санжар Қожеғұлов пен Ақыл Секенов құрамындағы патрульдік полиция батальонының экипажы келді. Құтқару операциясын жүргізу кезеңінде 10 автокөліктен тұратын ауыр жүк колоннасы тоқтатылды, алайда кейіннен көктайғақтың салдарынан жүк көліктері орнынан қозғала алмады. Полицейлер әр жүк көлігінің астына құмды сеуіп, содан кейін арнайы техниканың көмегімен көлік құралын жолға шығарды. Осылайша, бүкіл құтқару операциясы үш сағаттан астам уақытты алды.

Реклама
Реклама

Іс-шаралар аяқталғаннан кейін ауыр жүктердің қозғалысы жалғасты, көліктер өтуі үшін жол участіктері тазартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама