25 маусым 2024 | 14:57

Ақмола облысында полицейлердің мас жүргізушіні қуған сәті видеоға түсіп қалды

Фото: depositphotos.com

Зеренді ауданында демалыс орындарының бірінің аумағында тасжолды патрульдеу кезінде полицейлер күдік тудырған Audi көлігін байқаған. Жүргізуші тоқтау туралы өтінішті елемей, жылдамдықты арттырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Зеренді ауданында демалыс орындарының бірінің аумағында тасжолды патрульдеу кезінде полицейлер күдік тудырған Audi көлігін байқаған. Жүргізуші тоқтау туралы өтінішті елемей, жылдамдықты арттырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облыстық Полиция департаменті мәліметінше, көлік қала сыртындағы жолмен келе жатып, көзден жоғалған.

"Алайда, жағдайды ескере отырып, полицейлер бұл көлікті іздеуді жалғастырған. Нәтижесінде 30 минуттан кейін полиция қызметкерлері Audi көлігін тоқтатып, Озерное ауылының жанындағы ауылдық жолға бұрылмақ болған 46 жастағы жүргізушіні ұстай алды. Нәтижесінде мас жүргізуші жазадан осылай құтылмақ болғаны анықталды", - деді ПД өкілдері.

Реклама
Реклама

Ведомствода көлікті мас күйде жүргізу дерегі бойынша өндіріс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілгенін қосты. Көлік мамандандырылған уақытша айып тұрағына қойылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная