Ақмола облысында “рецидивист“ жүргізуші ұсталды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ақмола облысында "рецидивист" автокөлік жүргізуші сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында "рецидивист" автокөлік жүргізуші сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы Біржан сал ауданының соты Қылмыстық кодекстің 346-бабы 1-бөлігі бойынша көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, мас күйінде көлік жүргізген адамға қатысты үкім шығарды.

"2020 жылдан бастап аталған азамат осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылық бойынша екі рет жауапқа тартылып, оған бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар қолданғанына қарамастан, қайта мас күйінде автокөлікке отырып, айналадағы адамдарға қауіп төндірді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сот Біржан сал ауданы прокуратурасының ұстанымын қолдай отырып, сотталушыға екі жыл алты ай бас бостандығынан және өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айыру, ең жоғары қауіпсіздік ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеу түрінде жаза тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама