Ақмола облысында шенеунік екі жыл бойы жетім балаға арналған пәтерде тұрып келген

Midjourney

Ақмола облысының аудан орталықтарының бірінде мемлекеттік мекеме басшысы жетім балаға арналған пәтерде екі жыл тұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысының аудан орталықтарының бірінде мемлекеттік мекеме басшысы жетім балаға арналған пәтерде екі жыл тұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысының прокуратурасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған санаттағы балалар тұрғын үй алуға бірінші кезекте құқылы екенін еске салды. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар тарапынан балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу құқығы бұзылған.

"33 бала заңсыз түрде есептен шығарылған, 8 бала уақытында кезекке қойылмаған, ал 1 балаға мүлде тұрғын үй беруден бас тартылған. Мысалы, аудан орталықтарының бірінде жетім балаға арналған пәтерде екі жыл бойы мемлекеттік мекеме басшысы тұрған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қадағалау актісі бойынша пәтер қайтарылып, балаға берілген. Қазіргі уақытта басқа балалардың құқықтарын қорғау шаралары қабылданып жатқаны айтылды. Жұмыс жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама