Ақмола облысында сталкингке қатысты алғашқы қылмыстық іс тіркелді

Дина Шарипханова Корреспондент
Midjourney арқылы жасалған

Ақмола облысында жаңа заң бойынша алғашқы қылмыстық іс тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысында жаңа заң бойынша алғашқы қылмыстық іс тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицияға Макинск қаласының 44 жастағы тұрғыны жүгінген. Әйел бірнеше ай бойы бұрынғы сүйіктісі түрлі нөмірлерден қоңырау шалып, жұмыс орны мен үйіне келіп, тіпті қоғамдық орындарда аңдып жүргенін айтқан. Оның сөзінше, мұндай әрекеттерден ол қауіпті сезген.

Қыркүйекте ер адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылып, жәбірленушіге жақындауға тыйым салынған. Алайда ол сот шешімін орындамаған. Осыдан кейін сотқа дейінгі тергеу басталып, жәбірленуші, күдікті және куәгерлерден жауап алынған. Ер адам бұрынғы қарым-қатынасты жаңғырту үшін байланыс орнатуға тырысқанын мойындады. Ол өз әрекетінің заңға қайшы екендігін және қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін де түсінетінін айтты.

Реклама
Реклама

Алайда кейін әйел қарсы арыз жазып, қылмыстық істі тоқтатуды сұраған. Прокурордың келісімімен тергеу аяқталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама