ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 25 наурыз 2022 09:34
Ақмола облысында су айдау мұнарасы құлады
Ақмола облысының Макинка ауылында қатты жел салдарынан су айдау мұнарасы құлап, тұрғындар сусыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Апат салдарынан бір жарым мыңға жуық тұрғын сусыз қалды. Тұрғындарға су тасымалдау ұйымдастырылған. Оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатқаны хабарланды. Олар мұнараның одан ары пайдалануға жарамдылығын анықтайды.
"Макинка тұрғындарын сумен қамту туралы айтар болсақ, бүгін су таситын екі көлік келді. Халық тапсырысы бойынша су жеткізді. Таңертең де сол қарқынмен жұмысты жалғастырамыз. Мамандар нақты шешім шығаруы керек. Себебі егер астындағы іргетас қозғалса, онда мұнараны бұзып, жаңасын орнату қажет", - деді Макинка ауылының әкімі Жанат Көшкімбаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу