Ақмола облысында ТЖМ тікұшағы апатты жағдайда қонды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Ақмола облысында ТЖМ тікұшағы апатты жағдайда қонды

Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы Ақмола облысында апатты жағдайда қонды. Бұл ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Иманқұловтың айтуынша, бұл құтқару ұшағы емес.

"Жезқазғаннан Көкшетауға ұшқан тікұшақтың қозғалтқышынан ақау шығып, апатты жағдайа қонды. Зардап шеккендер жоқ. Экипаж кәсіби түрде әрекет етіп, нұсқаулыққа сәйкес жұмыс істеді. Оқиға орнына келген мамандар өз қорытындыларын береді", - деді Иманқұлов.

Жарнама
Жарнама

Оның айтуынша, тікұшақ толық тексеруден өтеді.

"Бұл техника болғандықтан мұндай жағдайлардың болуы қалыпты. Әуе кемесі толық қайта тексеруден өтеді. Бұл жағдай ешқандай құтқару жұмыстарын жүргізуге әсер етпейді. Министрліктің құтқару бөлімшелері штаттық режимде қызмет етіп жатыр", - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама