20 маусым 2024 | 15:50

Ақмола облысында тұрғындар алаяқтарға сеніп, 32 миллион теңгеден айырылып қалған

Фото: elements.envato.com

Ақмола облысында алаяқтар 21 тұрғынының ақшасын алдап алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысында алаяқтар 21 тұрғынының ақшасын алдап алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, осы аптада тұрғындар алаяқтарға сеніп 32 миллион теңге жоғалтқан.

"Мысалы, Қосшы тұрғынына What's App мессенджерінде хабарлама келіп түскен. Одан танысы 200 000 теңге қарыз бере тұруын сұрап, қарызын пайызбен қайтаруға уәде берген. Шынымен танысы жазғанына көз жеткізбестен, азамат алаяқ көрсеткен шотқа ақша аударады. Ал танысына кешке ғана қоңырау шалып, жағдайын білуді ұйғарған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Әңгіме барысында танысы оның ұялы телефонын алаяқтар бұзып, барлық танысынан қарызға ақша сұрап хабарламалар жібергенін айтқан.

"Облыс прокуратурасы егер сізге таныстарыңыздан, туыстарыңыздан ақша сұраған хабарламалар келсе, міндетті түрде бұл хабарламаны олар шынымен жазғанын қоңырау шалу арқылы тексеруге шақырады. Ешқандай жағдайда қолма-қол ақшаны бейтаныс банк карталарының нөмірлеріне жібермеңіз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная