Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 4 жасар бала кәріз құдығынан өлі табылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған бала кәріз құдығынан өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған бала кәріз құдығынан өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сәбидің туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз", - делінген жазбада.

Реклама
Реклама

Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 сәуірде сағат 22.00 шамасында Целиноград ауданының полиция бөліміне Қараөткел (Ильинка) ауылының тұрғынынан төрт жасар баласының жоғалғаны туралы хабарлама түскен.

Ата-анасының айтуынша, сағат 17.30 шамасында бала серуендеуге аулаға шыққан, содан бері оның қайда екені белгісіз.

"Полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын ұйымдастырып, баланың денесін үйдің жанындағы кәріз құдығынан тапты.

Қазіргі уақытта полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама