03 мамыр 2020 10:31

Ақмола облысының әкімдігі 10 миллион теңгеге телефон сатып алмақшы болған

Фото: gazeta.a42.ru

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 27 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатының тиімсіз игерілгелі жатқанын анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар24" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 27 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатының тиімсіз игерілгелі жатқанын анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар24" телеарнасына сілтеме жасап.

Мамандар заң бұзу фактісін мемлекеттік сатып алулар жүйесін бақылау кезінде анықтапты.

Реклама
Реклама

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы шамамен 10 миллион теңгеге ұялы телефондарды сатып алуды жоспарлаған. Олар ұялы телефонның қымбат моделін таңдапты.

Бұл іске сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі араласқан соң телефонның бағасы 3 миллион теңгеге арзандаған. Мамандар мемлекеттік мекемелерде осыған ұқсас шамамен 12 дерек тіркелгенін айтады.

"Қазіргі таңда Ақмола облысы бойынша мәслихат 370 миллион теңгеден астам қаражат бөлді. Бұл қаржы үкімет резервінен қосымша траншпен бөлінді. Бұл – қомақты қаржы. Біз мемлекеттік сатып алулар қалай жүргізілгенін бақылап, әрбір тиынның қалай жұмсалғанын қайта тексереміз", - дейді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Бақытжан Әмірханов.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram