13 сәуір 2020 | 16:07

Ақмола облысының тұрғыны 20 мың теңгеге адамдарды блокбекеттен өткізген

© Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысында ветеринариялық препараттардың жеткізушісі адамдарды блокбекеттен заңсыз тасымалдаған. "Такси" қызметі үшін жолаушылар ер адамға 20 мың теңгеден төлеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысында ветеринариялық препараттардың жеткізушісі адамдарды блокбекеттен заңсыз тасымалдаған. "Такси" қызметі үшін жолаушылар ер адамға 20 мың теңгеден төлеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz.

Тәртіп бұзушы 12 сәуірде Степногорск-Ақкөл тас жолындағы блокбекетте ұсталды. Полицейлер Mersedes Benz-300E көлігін тоқтатып, деректер қоры бойынша тексергеннен кейін, жүргізушіге "Өнеркәсіптік биосинтез ҒЗИ" ЖШС өтінімі мақұлданғаны және облыс орталығына, сондай-ақ облыс қалалары мен аудандарына кіру және шығу үшін рұқсат берілгені анықталды.

Реклама
Реклама

"Өтінімде жүргізушінің ветеринарлық препараттарды жеткізумен айналысатыны көрсетілген. Алайда тәртіп сақшылары автокөлік жүргізушісі тапсырыстарды ұялы қосымша арқылы қабылдап, карантин және төтенше жағдай режимі кезінде адамдарды блокбекет арқылы заңсыз өткізіп жүргенін анықтады. Ер адам  барлығы төрт адамды тасымалдап үлгерген. Орташа алғанда әрбір рейске жүргізуші 20 мың теңге алған", - делінген хабарламада.

Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 476-бабы 1-тармағы "Төтенше жағдай режимін бұзу" және ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігі "Кәсіпкерлік қызметпен айналысу" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная