ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қаңтар 2024 | 17:47
Ақмола облысының тұрғыны елді мекенге кірген еліктерге оқ жаудырған
Ақмола полицейлері елді мекенге кірген елікті аулау фактісін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақмола полицейлері елді мекенге кірген елікті аулау фактісін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияның хабарлауынша, 26 қаңтарда ауыл тұрғыны тұрғылықты үйінің терезесінен елді мекенге кіріп, көрші үйдің аумағында жүрген үш сібір елігін көрген. Ер адам үйде сақталған ТОЗ маркалы мылтықты алып, жабайы жануарларға бірнеше рет оқ жаудырды.
Бір елікке оқ тиген, ал басқалары қашып құтылған. Содан кейін ауыл тұрғыны тұшаны сою үшін шаруашылық ғимаратқа апарған, алайда полицейлер оны сол жерде ұстады.
Полицейлердің заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.
Сараптамаға ер адамның әкесінен қалған, бірақ тіркелмеген қару-жарақ жіберілді. Сараптама нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также