Ақмола облысының тұрғыны шөл даладан 9 мина мен 5 граната тауып алды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Ақмола облысының тұрғыны шөл даладан 9 мина мен 5 граната тауып алды

Ақмола облысының тұрғыны шөл даладан 9 мина мен 5 граната тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысының тұрғыны шөл даладан 9 мина мен 5 граната тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Жарқайың ауданы Тасты-Талды ауылының тұрғыны жарылғыш заттарды 4 сәуірде тапқан. Айтуынша, ол қара металды жинау кезінде арнайы құрылғының көмегімен шамамен 50 сантиметр тереңдіктен алып шыққан. Оқиға туралы ер адам бірден полицияға хабарлаған.

Жарнама
Жарнама

Жедел-тергеу тобы мен сапер мамандары дереу жолға шықты. Табылған жарылғыш заттар, атап айтқанда, танкке қарсы 3 мина, жаяу әскерге қарсы 6 мина, F-1 және rid-5 моделді 5 граната тексеріліп, олардың оқу-жаттығулық екені және өмірге қауіп төндірмейтіні туралы қорытынды шығарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама